Қазақстанның кей жерлерінде үсік жүреді

280

0

«Қазгидромет» РМК 30 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, дауыл болып, желдің  күшеюі,  шаңды дауыл, тұман, бұршақ жаууы мүмкін. Тек батыста және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қарағанды, Солтүсік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз кей жерлерде екпіні 30 м/с және одан жоғары, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында кей жерлерде дауыл, бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да аса күтіледі.

Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с күтіледі,  дауыл, шаңды дауыл күтіледі.

Ақтөбе, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады, Қостанай облысының кей жерлерде дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 18-23, екпіні 28 м/с күшейуі күтіледі. Маңғыстау облысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді, сондай-ақ дауыл, бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 3 градуска дейін үсік күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<