Балаға бағбан болған бақшалардың кемшін тұстары

1546

0

Фото: Облыстық білім басқармасы

Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы.

Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістерді енгізуді талап етіп отыр.

Біздің аймағымызда да мектепке дейінгі білім ұйымдарының жұмысы оңтайландырылған. Бүгінде өңірімізде 680 мектепке дейінгі білім ұйымы жұмыс жасаса, оның ішінде 161- мемлекеттік, 59-шағын орталық, 460 – жеке балабақша бүлдіршіндерді тәрбие мен білімге баулуда. Жыл өткен сайын облыстағы жекеменшік мектепке дейінгі мекемелер саны артып келеді.Мемлекеттік балабақшаларда орын жетіспегендіктен, ата-аналар балаларын жеке балабақшаға береді. Осыған байланысты көрсетілетін қызметтің сапасын бақылау мәселесі де өзекті.

Өткен жылдың қорытындысымен облыстағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жүргізілген зерделеу бойынша көптеген кемшіліктер анықталды. Атап айтар болсақ зерделенген мектепке дейінгі білім ұйымдарының жобалық қуаты мен бірыңғай базадағы, «Қазына» базасындағы бала санымен сәйкес келмеуі, СЭҚ-ы болмауына қарамастан балабақшалардың бала қабылдауы, СЭҚ-ы сәйкессіздігі, балабақшалардың бейнебақылау, хабарландыру, бейнеархив жүйелерінің, «Жарғы» қызметтеріне сай еместігі анықталды. Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие мен білім саласында заманауи педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылуы тиіс. Өткен жылғы зерделеу қорытындысы дәл осы балабақшалардағы педагогтардың білімінің сай емес екендігін анықтап берді.

Заман ағымына сай, жұмысбастылықпен сәбиінің тәрбиесін балабақшаға сеніп тапсыратынкез-келген ата-ана баласының дұрыс тамақтанып, дұрыс тәрбие алып, көңілі мен қарны тоқ болғанын қалайтыны анық. Алайда кейбір жекеменшік балабақшаларды балалардың тәрбиесі мен денсаулығы емес, қаражат жағы көбірек алаңдататын белгілі. Бұлай деуіміздің себебі тағы да өткен жылдың зерделеу қорытындысының нәтижесімен балабақшалардың басым бөлігінде сапасы төмен азық-түлік қолданылатындығы белгілі болды. Осыған сәйкес тамақ сапасы мен қызмет сапасын тұрақты қолға алу бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, орындалуы тұрақты бақылауға алынды.

Тәрбие мен білім – егіз. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Егемен еліміздің талабына сай мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – білімді, жан-жақты тәрбиешілердің еншісінде. Зерделеу қорытындысымен іс-тәжірибесі облыстық деңгейде таратылып жатқан, балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибесінде қолданып жатқан балабақшалар жетерлік.

Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы іспеттес. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жастан дамытады. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз. Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қамтуды басты мақсат етіп ертеңімізді бүгіннен бағамдауымыз шарт.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<