Балалар лагерінде «Нептун» мейрамын ұйымдастырды

301

0

Жазғы демалыс күндерін балалар ерекше күтеді. Су айдындарында шомылу барлық балақайлар үшін ерекше қуаныш. Осыған орай, төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында ҚР ІІМ ТЖК Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының  құтқарушылары «Арай SUNRICE» балалар сауықтыру лагерінде «Нептун» мейрамын ұйымдастырды.

Аталған шарада сүңгуір құтқару бөлімінің басшысы Андрей Федосияди балаларға судағы қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, ата-анасыз суға түсуге болмайтынын түсіндірді. Абдикалыков Ролан және Әбсаламов Ердос атты құтқарушылар балаларға сүңгуір құрал-жабдықтарын пайдалану барысында техника қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, суға түсіріп көрсетті. Құтқарушылар балаларды қайыққа отырғызып, қайықпен жүзу ережесін үйретіп, төтенше жағдай кезінде зардап шегушілерге алғашқы медициналық көмекті қалай көрсету жолдарын түсіндірді.

Төтенше жағдай орын алған жағдайда жедел түрде «112» нөміріне хабарласу қажеттігін айтты.

ҚР ІІМ ТЖК Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<