Бастысы, қажетті тәжірибе жинадым

275

0

Бұған дейін өмір сүру деңгейі төмен шағын ғана африкалық ел – Малавиде тұрып, халықаралық волонтер ретінде жұмыс істедім. Ол – менің сүйікті ісім.

 Бұл елге Қазақстандағы БҰҰ-ның Даму бағдарламасы шақырған еді. Олардың ортаға бейімделуіне қамқорлық таныту, өздерін жайлы сезінулері үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет болды. Қиындықтарға қарамастан үйренісіп  кеттім. Барлығымен бірдей елдің бүкіл өңірін аралап, шалғайдағы ауылдарында болдым. Бастысы, қажетті тәжірибе жинадым. Қазір «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымында жұмыс істеймін. Жақын арада Мьянмаға аттану жоспарым бар. Бұл ретте елімізде еріктілердің қызметі бағаланып жатқаны қуантады, волонтерге біраз жеңілдіктер қарастырылуда. Алдағы уақытта қатарымыз толығатыны сөзсіз.

Айнұр Әбсеметова, 

халықаралық волонтер

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<