Бүгін футболдан Әлем чемпионатында алғашқы финалист анықталады

307

0

Бүгін Ресейде өтіп жатқан футболдан Әлем чемпионатында алғашқы финалист анықталатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Астана уақытымен сағат 00.00-де ақтық сайысқа шығу үшін Бельгия мен Франция шеберлік байқасатын болады. Ал екінші финалист Англия-Хорватия арасында анықталады. Еске салайық, Франция құрамасы Дания, Австралия және Перу командаларын жеңіп, «С» тобында бірінші орынға шыққан болатын. Ал плей-оффта Мишель Платинидің отандастары Аргентина мен Уругвайдан басым түскен еді.   Өз кезегінде бельгиялықтар «G» тобында Англия, Тунис және Панама құрамаларынан мықты болды. Ширек финалда олар Жапонияны жеңді, кейін сенсациялық ойын көрсетіп, басты фаворит саналған Бразилияны жарыс жолынан шығарды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<