Бүгін – жазушы Оралхан Бөккевтің туған күні

326

0

 75 жыл бұрын (1943-1993) жазушы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың иегері  Бөкеев Оралхан дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1968-1983 жылдары – Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» газетінің әдеби қызметкері, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің, «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі. 1983-1993 жылдары «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, бас редакторы болған. Қаламгердің «Қамшыгер», «Үркер», «Қайдасың, қасқа құлыным», «Мұзтау», «Ән салады шағылдар», «Үркер ауып барады», «Біздің жақта қыс ұзақ» әңгімелер мен повестер жинақтары, «Өз отыңды өшірме» романы, «Құлыным менің» пьесалар жинағы жарық көрген. «Құлыным менің», «Теке-тірес», «Қар қызы», «Зымырайды поездар», «Жау тылындағы бала», «Мен сізден қорқамын» пьесалары қазақ және орыс тілдерінде республикалық, облыстық, сондай-ақ бұрынғы одақтас республикалар театрларында қойылған. Орыс тілінде «Жасынның ізі» әңгімелер мен повестер жинағы жарық көрген. Бірқатар шығармалары шетел халықтары тілдеріне аударылған. Жазушының шығармалары бойынша «Кісікиік», «Сайтан көпір» көркем фильмдері түсіріліп, «Кербұғы» әңгімесінің желісі бойынша балет-спектакль қойылды.

«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<