Білім ордасында Наурыз мерекесі тойлануда

412

0

Фото: Қорқыт университеті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында «Нұр себеле, Наурыздың ұлы күні» атты Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған мәдени-көпшілік шарасы басталды.

Алғаш болып облыс әкімінің бірінші орынбасыры Данияр Еренғалиұлы жиналған қауымды мерекемен құттықтап, аймақ басшысы Нұрлыбек Мәшбекұлының Ууниверситет ұжымына арнаған мерекелік құттықтауын табыс етті.  Басқарма төрағасы-ректор Бейбіткүл Каримова университет ардагерлері мен барша көрермендерді Наурыз мерекесімен құттықтап, жылы лебізін жеткізді. Мұнан бөлек «AMANAT» партиясы Тұран бастауыш партия ұйымының белсенділерін марапаттады.

Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары Айдос Зейноллаұлы ақ тілегін арнап, қала әкімі Серік Салауатұлының құттықтауын жеткізді.  Жиналған көпшілік Университет өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамалашалауда. Мерекеге орай «Ұлттық киімдер», «Ғылыми жобалар», «Кітаптар» көрмесі ұйымдастырылды. Мұнан бөлек мерекелік шара бағдарламасында ұлттық ойындар сайысы, «Кітап Aл» акциясы және «Салт-дәстүрді білесіз бе?» атты жүз викториналық сұрақтар сайысы өтуде. Ұлттық тағамымыз наурыз көжемен бауырсақ таратылуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<