Биыл қанша бала лагерьде демалады

121

0

Ағымдағы жылы 2,6 миллион дала жазғы демалыс уақытын лагерьлерде өткізеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жазғы демалыс кезінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жалғастырып отырмыз. Биыл жазда 2 млн 815 мың 1-10 сынып оқушыларының 2,6 миллионы немесе 92 пайызы лагерьлерде демалады деп күтілуде. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 120 мың балаға көп», – деді министр.
Сондай-ақ оның дерегінше, бірінші маусымннан бастап 1,5 млн балаға мектептер жанындағы 12,5 мың лагерь жұмысын бастайды. Жазда қала сыртындағы 125 және 2 мыңға жуық шатырлы спорттық, киіз үйлік лагерьлер жұмыс істейді. Сонымен қатар жазғы кезде барлық білім беру ұйымдарында, аула клубтарында секциялар жұмыс істеп, саяхаттар ұйымдастырылады. Оған 2,5 миллионнан астам немесе 91 пайыз оқушы барады деп жоспарланған.
«Осы жаздың ең үлкен шарасы 1 маусымда өткізілетін барлық мектептердің ұлттық музыкалық ансамбльдерінің шеруі болмақ. Биыл Халықаралық балаларды қорғау күнінде өткізілетін парадқа өңірлерде 500 мыңнан астам баланың қатысуы көзделіп отыр. Былтырғы жылы 100 мың бала қатысса, биыл бес есе өскенін көріп отырмыз, – деді Ерлан Сағадиев.