«Білікті мамандардан кеңес ал!»

255

0

«Білікті мамандардан кеңес ал!»  «Тұрғындарға құқықтық кеңес беру» жобасы аясында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үй инспекциясы бөлімінде «Білікті мамандардан кеңес ал!» тақырыбында ашық есік күні ұйымдастырылды. 

Мақсат – тұрғындардың сұрақтарын тыңдап, мәселелерінің оң шешілуіне ықпал ету, заң аясында жауаптар беру. Ашық есік күніне ҚІІБ ЖПБ учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Арыстанбек Давлетов, «Тұрғын үй құрылыс-жинақ банкі» АҚ Қызылорда облыстық филиалының консультанты Альфия Длекешова, «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» Қауымдастығының төрайымы Құрманкүл Ерімбетова қатысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<