«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау мерзімі жария етілді

228

0

«Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттар қабылдау және конкурс өткізу мерзімдері бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат  «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ сайтына сілтеме жасап. 
ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 6 наурыздағы № 86 «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» бұйрығына сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттар қабылдау 2018 жылғы 19 наурыз бен 31 тамыз аралығында іске асырылады. Сондай-ақ конкурстық іс-шаралар 2018 жылғы 26 наурыз бен 20 қазан аралығында өтеді. Айта кетерлігі, қазақстандықтар үшін білім саласындағы үкіметаралық келісімшарттар негізінде шет елде тегін білім алудың мүмкіндіктері қарастырылған. Биылғы жылы түлектер үшін 10 000-ға жуық грант бөлінді. Қазіргі таңда Ресей, Қытай, Малайзия, Түркия және Польша университеттері гранттарына құжаттар қабылдау жүріп жатыр.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<