Болашағымыз үшін маңызды

205

0

Мемлекет басшысының кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жайлы үндеуі болашағымыз үшін қабылданған маңызды шешім деп ойлаймын.

 Біздің мемлекетіміз бүгінде әлемдік деңгейдегі өркениетке енген елдермен терезе теңестірді. Білім мен ғылым, мәдениет, денсаулық, жалпы, қоғамның қай саласын алсақ та ілгерілеушілікті байқаймыз. Болашақта да Қазақстанның алар асуы, бағындырар белесі көп екеніне сенемін. Сондықтан әрбір қазақстандық үшін биылғы 9-маусымда өтетін сайлаудың маңызы зор болмақ.  

Президент үндеуінде Қазақстан халқын алдағы сайлауға барынша жауапкершілікпен қарауға шақырды. Еліміздің ертеңі халықтың шешіміне тікелей байланысты екенін айтты. Расында да, бұл сайлау – әрбір қазақстандық өз болашағы үшін шешім қабылдайтын, таңдау жасайтын жауапкершілік жүгі ауыр сәт. Ендеше, белгіленген мерзімде сайлауға бір кісідей ат салысқанымыз жөн деп білемін.

Гүлстан МАҚСҰТОВА, 

№3 қалалық емхана бас дәрігері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<