БІРЛЕСКЕН ЖОБАНЫҢ БЕРЕРІ КӨП

276

0

БІРЛЕСКЕН ЖОБАНЫҢ БЕРЕРІ КӨП Облыста жемқорлықты жоюдың озық механизмдерін қолдана отырып, қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға бағытталған «Protecting business and investmens» жобасы қарқынды жүзеге асуда. Жуырда аталған жоба аясында құзырлы мемлекеттік органдардың басшылары кездесу өткізді. Оған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Абзал Мұхимов қатысып, бизнесті қорғау, оған қолайлы жағдай жасау ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басым бағыттарының бірі екенін айтты.

– Жоба «Kazakh invest» Ұлт­тық компаниясы» акционерлік қоға­мы­мен, тиісті министрліктермен және жергілікті атқарушы органдар­мен бір­лесіп жүзеге асырылуда. Баста­ма­ның басым бағыты – кәсіпкер­лердің құ­қығын қорғау, бизнес үдерісті оң­тай­ландыру, қоғамдық бақылау орнату және инвесторлардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сауат­тылығын арттыру. Осы мақсатта департамент пен Ұлттық бюро департаменті қызметкерлерінен тұра­тын жедел топ құрылды. Жедел топ «Kazakh invest» АҚ филиалындағы үйлестіру­ші­мен тікелей байланыста болады. Сондай-ақ, 3 шілдеден бас­тап об­лыстық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жанынан инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдейтін фронт офис жұмысын бастады. Фронт офисте әрбір инвес­тор сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдерден қорғану шараларымен қамтылады, – деді А.Сансызбайұлы.

Жиын барысында өңірлік кәсіп­керлерге қызмет көрсету орталығы­ның директоры Қамар Бекетова биыл «Жап­пай кәсіпкерлікті қолдау жы­лы» ретінде жарияланғанын, осыған сәйкес орталықтың «бір терезе қағи­даты»  аясында қызмет көрсе­тетінін жеткізді. Сонымен қатар аймақ­тағы инвестициялық жоба­ларды жүзе­ге асыру кезіндегі пробле­малық мәсе­лелерге тоқталды. Оның айтуын­ша, Шиелі ауданындағы це­мент зауыты құрылысын жүр­гізіп отырған инвестор-компания «China Triumph International Enginee­ring» ЖШС арқылы құрылыс жұмыс­та­рына қажетті шетелдік мамандарды шақырту үшін көші-қон по­лиция­сы органдарына өткізілген құжат­тар мерзімінде қаралмаған, осыған бай­ланысты тиісті рұқсат беру құжат­та­рының рәсімделуі кешеуіл­деуде. Жиын барысында бұл мәселе бойынша көші-қон қызметіне бірқатар ұсыныс берілді. Спикерлер кез келген отандық және шетел­дік инвесторлардың құқығы қор­ға­латынын, әкімшілік кедер­­гілердің болмауына тұрақты түрде мониторинг жүргізілетінін айтты. Кездесу соңында 3 инвестициялық жобаны жемқорлыққа қарсы сүйе­мелдеу туралы келісімдерге қол қойылды.

Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ,

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<