Бітімгерлік – береке бастауы

320

0

Кеше облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен дәстүрлі ІІ облыстық медиаторлар слеті өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов, облыстық сот, прокуратура, құқық қорғау органдары және кәсіподақ өкілдері, аудан әкімдерінің орынбасарлары  мен облыстық басқарма басшылары, кәсіби және қоғамдық медиаторлар қатысты.

Шара өңірде медиация инс­титу­тының даму барысы тура­сын­дағы бейнероликтен бастау алды. Мұнан соң медиация инс­титутының сот төрелігін жүргізудегі рөлі жайында Қы­зыл­орда қалалық сотының судья-медиаторы Жазираш Қал­мақанова баяндады. Медиа­ция институтының даму барысы ту­ралы Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің басшы­сы Рус­лан Қаюпов, бітім­гер­­лік ая­сындағы атқарылған жұ­­­мыс­­­тарға Қармақшы ауда­ны­­­­ның қоғамдық медиаторы, ау­дан­­дық медиация кеңесінің төр­ағасы Жақсыбай Жәкеев тоқ­талды.

– Қармақшы ауданында 10 кәсіби емес, қоғам­дық медиа­тор және 1 кәсіби медиатор жұмыс істейміз. Олардың барлығы білімді, ел ал­дында жүрген саяси сауатты азаматтар. Аудан бойынша 46 азаматтық, 15 қылмыстық және 36 әкімшілік іс медиация тә­сілімен қысқартылды. Жалпы 101 іс негізінде медиаторлар бітімге қол жеткізді, – деді ол.

Ал мектептегі медиацияны дамыту жайын тілге тиек еткен Белкөл кентіндегі №189 орта мектептің педагог-психологы Ботакөз Мадирова дауласқан жандарды бітімге келтіру жүгі ауыр болғанымен, жасөспірімдерді бітімге шақырудың өзіндік ерекшеліктерін жеткізді.

– Психологиялық тұрғыда жасөспірімдердің қоршаған ортаның әрекеттерін қабыл­дауы өзгешеленіп тұрады. Жасы үлкен кісілерді бітімге шақыру бір бөлек болса, өт­пелі кезеңде және түрлі әлеу­меттік сатыдағы қарама-қайшы­лықтарды көріп жүрген жасөспірімді татуластыру ювелир­лік дәлдікті талап етеді. Себебі, бір дұрыс айтылмаған сөз оның психикасына кері әсерін тигізіп, болашағына нұқсан келтіруі әбден мүмкін. Сондықтан оқушылар ара­сындағы түйткілді мәселе[hide][/hide]ні шешуде жан-жақты болған жөн, – деді ол.

Жиын барысында  облыс әкімінің орынбасары Нау­рызбай Байқадамов өңірдегі бітімгерлік бағытында ат­қарылған толымды жұмыс­тарды сөз етті. Оның айтуынша, биыл облыстық ҚХА хатшылығына медиация бағытындағы жұмыстарды жандандыру мақсатына 1млн 600 мың теңге қаржы бөлінген. Соған сәйкес, облыс бойынша медиаторлардың көмегімен 2453 дау шешімін тауып, тараптар ымыраға келген. Қоғамдық медиаторлар барлығы 785 дау­ды шешсе, оның ішінде 238-і сотқа дейін, 254-і бойынша сотта медиациялық келісім орнаған. Ал, 293 дау қоғамдық медиаторлардың кеңес беруі нәтижесінде тоқтатылыпты.

Жалпы бітімгерлік – адамдар арасындағы сыйластықты, татулық пен берекені, елдің тұтастығын сақтаудағы ең ұтымды тәсіл десек, медиатор – екі тараптың арасындағы алтын көпір іспетті. Мұндай жандардың қоғамдағы маңызы зор, еңбегі орасан. Шара соңы осы саланың дамуына сүбелі үлес қосқан медиаторлар мен сала мамандарының марапатына ұласты.

Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<