Денис Тенді пышақтап кетті

224

0

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тенді Алматыда пышақтап кетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Әлішер Елікбаев хабарлады.
«Бұл нақты мәлімет, бірақ мән-жайын білмеймін», – деді ол. Қазіргі уақытта спортшы жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға бейсенбіде түскі уақытта Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Ол Орталық қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
Денист Тен – ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<