Денис Тенмен қоштасу рәсіміне кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин де келді

222

0

Әйгілі мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенмен қоштасу рәсіміне Лос-Анджелестен арнайы белгілі қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин де келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Геннадий Головкин осы шара үшін Сауль Альвареспен болатын кездесуіне дайындықты тастап шыққан. Айта кетейік, даңқты спортшымен қоштасу рәсімі Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатыр. Осы уақытта сарай Дениспен қоштасуға келген адамдарға лық толы. Қазақстандық спортшы Денис Тен 19 шілде күні пышақтан алған жарақаттан қайтыс болды. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның қылмысының үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ сұғып алған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<