Әйгілі мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты күдікті ретінде ұсталғандарды қамауда ұстау мерзімі ұзартылды.
Денис Теннің өліміне күдіктілердің қамаудағы мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«11 және 12 қыркүйекте ауданаралық мамандарныдырлған тергеу сотымен қамауда ұстау мерзімін 23 қазанға дейін ұзарту туралы қаулы шығарылды», – дейді Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Дияс Махамбетов.
Айта кетейік, 19 шілде күні Алматыдағы Құрманғазы мен Байсейітов көшелерінің қиылысында көлік айнасын ұрламақ болған екі азамат Денис Тенге шабуыл жасады. Кикілжің нәтижесінде күдіктілер спортшының аяғына пышақ сұғып алған. Нәтижесінде Денис Тен көп қан жоғалтып, аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды.
Еске сала кетейік, бұған дейін министрдің орынбасары қолға түскен азаматтардың шынайы қылмыскерлер екенін мәлімдеген еді. Сондай-ақ, ІІМ өкілі Денис Теннің өліміне күдіктілердің бірі Арман Құдайбергеновтің бұған дейін жасаған қылмысы үшін не себепті тұтқындалмағанынтүсіндірді. Мұнан кейін аталған іске қатысты үшінші күдікті ұсталды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<