Ел тарихындағы сындарлы сәт

337

0

Ел тарихындағы сындарлы сәт Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентін кезектен тыс сайлау осы жылдың 9-маусымында өтетіндігі жайлы еліміз үшін өте маңызды Үндеу жариялады.

Елбасымыздың арқасында әлем таныған қуатты мемлекет құрдық, ел экономикасы қарыштап дамыды, оны бүкіл әлем мойындады. Еліміздің ертеңін ойлаған Елбасы жастарымыздың әлемдік білім кеңістігіне кең қанат жайып, әлемнің ең беделді оқу орындарында білім алуларына мүмкіндіктер жасады.

Небір алпауыт елдердің басшылары біздің Тұңғыш Президентіміздің дана саясаткер, көреген басшы екендігін мойындаған жаһандық  ауқымды басқосуларда пікіріне құлақ түріп, санасып отыратындай деңгейге жетті.

Елбасының сарабдал саясатының нәтижесінде елімізде тұрақтылық пен бейбітшілік салтанат құрып келеді. Ел тыныш, бірлікте болса, береке де өзі келеді, адамдар алаңсыз білім алып, қызмет жасайды. Дүниенің дүрбелең кезеңінде ел тыныштығынан артық құндылық та, бақыт та жоқ.

Қасым-Жомарт Кемелұлының  кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдауын демократиялық қағидаттарға нақты жауап беретін, мемлекеттің, халықтың мүддесін қорғауға бағытталған батыл қадамы, көрегендік шешімі деп түсінуіміз керек.

Әрине, кезекті Президент сайлауына біршама уақыт та бар, Қ.Тоқаевтың елді басқарып отыра беруіне де болады.  Бірақ, халықта осы екі ортада алаңдаушылық, беймәлімдік болатыны шындық. Осыны  пайымдаған Президент Елбасы негізін қалаған тәуелсіз Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясын табысты жүзеге асырып, еліміздегі тұрақтылықты сақтау үшін де халқымызға айқындықтың қажеттігін баса айтты.

 Сонымен қатар әлемдегі саяси ахуалдың да бұралаңы көп болып тұрғаны да жасырын емес, міне, осы жағдайда да ішкі, сыртқы тұрақтылықты сақтап, елдегі заманауи жоба, бағдарламаларды одан әрі жалғастыру үшін де осы айқындық  керек.

Қазақстан-демократиялық мемлекет, демек, Президент халықтың таңдауымен ғана сайланады. Олай болса, еліміздің ертеңі, отбасымыздың, әрқайсысымыздың тағдырымыз да осы сайлаудағы шешімімізге тікелей байланысты болмақ. Сондықтан да барша қазақстандықтарды сайлауға жауапкершілікпен қатысып, өз таңдауларын терең пайым – парасатпен жасауға шақырамын!

 

Бахытжан САЙЛЫБАЕВ,

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық 

жоғары колледж директоры.

 

 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<