Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

209

0

Ертең еліміздің бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Ертең түнде және таңертең Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с жетеді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.
27 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Ертең Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде көктайғақ болады. 27-29 ақпанда кей жерлерде тұман түседі. 27 ақпанда түнде және таңертең, 28-29 ақпанда тәулік ішінде жел солтүстік-батыстан, батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.
27 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.

BAQ.KZ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<