«English for jastar» партиялық жобасының ерікті-оқытушылары марапатталды

286

0

 «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев «English for jastar» партиялық жобасының ерікті-оқытушыларын марапаттады.

«Нұр Отан» партиясының жаңғыру жолындағы бастамашыл жобаларының бірі «English for jastar» жобасы.Тікелей үйлестірушісі әрі жүзеге асырушы – «Жас Отан» Жастар қанаты.

Жобаның негізгі мақсаты – ауыл мектептеріндегі оқушылар арасында ағылшын тілінің деңгейін көтеру, ағылшын  еріктілерін тарта отырып, ауылдық елді-мекендердегі мектеп оқушыларына тегін ағылшын тілін үйрету.

Еліміздің шалғай ауылдарындағы балаларға ағылшын тілін үйретуге бағытталған жоба ағылшын тілін меңгерген еріктілер арқылы жүзеге асты.

Еріктілерді іріктеу де оңай болмағаны анық. Мәселен ағылшын тілін білу Intermediate деңгейінен төмен болмауы, орыс және қазақ тілдерін еркін меңгеруі, балалармен жұмыс істеуі, сол сияқты ұстаздық тәжірибелерінің болуы талап етілді. Ең маңыздысы – ауылдық мектеп оқушыларының ағылшын тілін игеруіне көмектесуге деген зор ынтасының болуы. 

Алғашында облыста 19 ерікті жобаға қатысуға ниет білдірген. Жобаға қатысушы еріктілер тестілеуден және сұхбаттасудан өтіп, нәтижесінде 11 ерікті іріктеліп таңдалды.

Еріктілер барлық 7 ауданға бөлініп, ағылшын тілі сабақтарын өтуге арнайы сынып пен оқу кестесі бекітілді. Олар:

1. Сырдария ауданы – Жакиева Айдана Жарқынқызы, Ыбраева

Ақерке Еркінқызы, Бақытбаева Ұлдана Бақытбайқызы;

2. Жалағаш ауданы – Кайпова Гүлдана Сайлбекқызы, Керімқұл

Гүлстан Нүрпейісқызы;

3. Қармақшы ауданы – Рахманова Шаттық Серікқызы;

4. Қазалы ауданы – Амантаева Әйгерім Дулатқызы;

5. Арал ауданы – Айтмағанбетов Медет Ибатуллаұлы;

6. Шиелі ауданы – Сейтжапбар Назерке Алматбайқызы;

7.Жаңақорған ауданы – Есенқұлова Жанар Әбдірахымқызы,

Үсенова Гүлнұр Әсілбекқызы.

Оқыту нәтижесіне сәйкес  облысымыздың 350 оқушысы ағылшын тілінен «Pre-intermediate» және «Elementary» деңгейлерін тегін үйренді.

Еріктілер жобаны жүзеге асыру барысында жаңашыл методикаларды пайдалану арқылы ағылшын тілі сабақтарын оқушыларға әр күн сайын қызықты өткізуге барынша жұмыстар жүргізіп отырды. 

Мұнымен қоса, оқушылардың көрсеткіштерін бағалау мақсатында оқушылар арасында «My village» тақырыбында эссе жазу байқауы ұйымдастырылды. 7 аудан бойынша 250-ден астам оқушы эссе байқауына қатысып, бақтарын сынады. Байқау қорытындысына сәйкес әр аудан бойынша жеңімпаздар І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Партиямыздың «English for Jastar» жобасының оқушыларымызға, өскелең ұрпаққа берері мол деп ойлаймыз. Осы жобаның табысты жүзеге асуына ықпал жасаған барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<