
2018 жылғы Әлем чемпионатының үздік жас футболшысы атанған Мбаппе ұлттық құрама сапында мундиальдағы жеңісі үшін берілетін сыйақының барлығын қайырымдылыққа бағыттамақ. Атап өтілгендей, 550 мың доллар көлеміндегі қаражат мүгедек балалардың қажеттілігіне жұмсалатын болды. Еске салайық, кеше, 15 шілде күні Франция құрамасы финалдық кездесуде Хорватиядан 4:2 есебімен басым түсіп, екі дүркін әлем чемпионы атанған болатын. Төртінші голды Мбаппе соқты. Бұған дейін хабарлағанымыздай, ФИФА Франция Футбол федерациясына осы турнирдегі жеңісі үшін 38 млн доллар сыйақы береді. Айта кетейік, бұған дейін Хорватия ұлттық құрамасының мүшесі Анте Ребич те өз ауылдастарының несиелік-қарыздарының барлығын өтеп берген болатын.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<