Футбол: 2024 жылғы Еуропа чемпионаты Германияда өтетін болды

223

0

Германия футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатын өткізу орнын сайлау нәтижесі бойынша Түркиядан үш есе көп дауыс жинады, деп хабарлайды УЕФА-ның ресми сайты.
Сайлау бейсенбіде Швейцариядағы Ньон қаласында  УЕФА атқару комитетінің  отырысында өтті.
Еске сала кетсек, Еуро-2024-ке Германия мен Түркия үміткер болатын. Атқару комитетінің турнирді Германияда өткізуге 12 мүшесі, ал Түркияға 4-уі ғана дауыс берді. Біреуі қалыс қалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<