Футболдан «Финалиссима» ойыны жеңімпазы белгілі болды

1018

0

Аргентина құрамасы футболдан биылғы «Финалиссима» ойынында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еуропа және Оңтүстік Америка құрлықтарының чемпиондары арасындағы бәсеке 29 жылдан кейін қайта жаңғырды. Англия астанасы Лондон қаласындағы «Уэмбли» стадионында өткен кездесуде аргентиналық футболшылар жинақы қимыл көрсетті.

Нәтижесінде қарсыластар қақпасына жауапсыз үш гол соғып кетті. Бұл голдарды Лаугаро Мартинес 28, Анхель Ди Мария 45, Пауло Дибала 90-минуттарда өздерінің еншісіне жазды. Осылайша аргентиналықтар 29 жылдан кейін тағы бір мәрте аталған кубокты төбесіне көтерді.

1993 жылы Аргентина мен Дания ойнап, негізгі кезең 1:1 есебімен тең аяқталды. Пенальтиден аргентиналық футболшылар 5:4 есебімен басым түскен еді. Одан бұрын 1985 жылы Франция Уругвайды 2:0 есебімен сүріндірді. Аталған бәсеке бүгінге дейін небәрі 1985, 1993 жылдарда екі мәрте өткізілген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<