Илья Ильин халықаралық турнир жеңімпазы атанды

263

0

Өзбекстан астанасы Ташкентте ауыр атлетикадан өткен халықаралық турнирде жерлесіміз Илья Ильин чемпион атанып, еліміздің Əнұранын шырқатты.

Ол 102 келі салмақта сынға түсіп, жұлқа көтеру сайысында 160, серпе көтеруде 195 келіні көтеріп, қоссайыс нəтижесінде 355 келіні бағындырды.

Ол Токиодағы Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін ұпай жинайтын жарыстарға кезеңімен қатысуда.

Енді сəуір айында Нұр-Сұлтан қаласында ауыр атлетикадан өтетін Азия чемпионатына Илья Ильин бастаған Сыр спортшылары Евгений Ломанов, Рүстем Сыбай, Рахат Бекболат жəне Айсамал Сансызбаева қатысады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<