Белгілі әнші Мақпал Жүнісова 30 жыл бұрынғы өзіне арналған фильмнен үзінді жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Өнер иесі онда ауылына барып, балалық шағының өткен жерімен таныстырады. Оның айтуынша, аталған туынды жарыққа шықпай, архивте сақталып жатқан.
«Ты моя мелодия» деген фильм еді. Ішінде Зәкең болғасын ешқандай арна қабылдамады. Архивте шаң басып жатыр. Бұл жерде тіптен саясат жоқ. Енді 11 қаңтар менің туған күнімде YouTube-қа салынады. Бір сағаттық кино. Маған Жанар деген жанкүйерім жіберіпті. Архивтің көкесі осы қызымда», – деп жазды әнші.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<