Кәсіпкерлікке бағытталған жобалар жемісін беруде

261

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгінде Сыр өңірінде жеке кәсібін ашып, ерекше өнімдерді шығарып жүрген азаматтар қатары айтарлықтай артып келеді.

Әсіресе, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы кәсіп бастауға ниеті бар талай жанға мүмкіндік сыйлап, салаға даңғыл жол ашты. Олардың қатарында Қызылорда қаласының тұрғыны Нұрбол Маделханов та бар.

Ол аталған жоба шеңберінде 2022 жылы 5 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант алып, гофрленген тақта өндірісін қолға алған. Бүгінде кәсіпкер өндіріс орнында 2 адамды тұрақты жұмыспен қамтып, тақтаның екі түрін жасап шығаруда.

Жергілікті өнімге тұрғындар тарапынан сұраныс та жақсы екендігін жасырмады. Сұхбат барысында кәсіпкер жұмысын жүйелеп алған соң тағы да жаңа құрылғылар сатып алып, жұмысшылар санын арттыруды жоспарлап отыр.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<