Кезекті ашық есік күні

269

0

Елбасының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік бағдарламаларды, оның ішінде МӘМС жүйесін, жеңілдікпен баспана алу бағдарламаларын түсіндіру бойынша кезекті «Білікті мамандардани кеңес ал» тақырыбындағы ашық есік күні Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде болып өтті.

 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ Қызылорда филиалының бас сарапшысы Абылайхан Рахымов өз сөзінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында медициналық көмек көрсету деңгейі көтерілетіндігін атап өтті. Сондай-ақ мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек шеңберінде жедел жәрдем, санитарлық авиация қызметтері мен әлеуметтік маңызы бар ауруларға көрсетілетін көмек және профилактикалық екпелер кіретіндігін, МӘМС туралы заңға сәйкес қорға жарна төлеуден балалар көп балалы аналар, ҰОС қатысушылары мен мүгедектер, жұмыссыз ретінде тіркелгендер, интернаттық ұйымдарда білім алушылар мен тәрбиленушілер, оқудың күндізгі нысаны бойыша оқитындар, бала тууға, бала асырап алуға байланысты демалыстағылар мен зейнеткерлердің босатылатындығын түсіндірді.

Ашық есік күні барысында «Тұрғын үй құрылыс-жинақ банкі» АҚ Қызылорда филиалының консультанты Альфия Длекешова «7-20-25», «Орда», «Өз үйім» бағдарламалары бойынша тұрғын үй алу жолдары, тәртібі мен талаптары, қажетті құжаттар тізімі, ай сайын төленуі тиіс төлемдер түсіндірілді, сонымен қатар бағдарлама бойынша тұрғын үй алуға мүмкіндігі бар әлеуметтік топтар, азаматтар тізімі айтылды.

Бұдан бөлек, облыстық ішкі саясат басқармасымен жүзеге асырылып жатқан жоба аясында тегін құқықтық кеңестер берілетіндігі, арнайы сенім телефоны жұмыс жасайтындығы аталып өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<