«Киіз басу» биі Қытай телеарнасынан көрсетілді

541

0

Қытайдағы қандастарымыздың би ұжымы Қытай Орталық Телевизиясы CCTV-3 мәдениет және өнер телеарнасының «Би әлемі» бағдарламасында «Киіз басу» биін биледі, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Киіз басу» – қазақ дәстүрін бейнелейтін ұлттық биінің бірі. Мұнда жүн түту, жүн сабау, киіз басу кезіндегі қимылдар айшықты бейнеленеді.

Айта кетейік, Қытайдың «Би әлемі» бағдарламасы CCTV-3 телеарнасында 2015 жылдан бері көрсетіліп келеді. Бағдарламада әр ұлттың түрлі билері кеңінен көрсетіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<