ӨКІЛ ИМАМ РЕКТОРМЕН КЕЗДЕСТІ

327

0

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек қажы Ұласқанұлы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ректоры Қ.Бисеновпен кездесті.
Келелі кездесу барысында, өңірдегі діни ахуал мен жастарға дұрыс тәрбие беру, білім саласындағы соңғы ғылыми жаңалықтар туралы сөз болып, жоспарларымен бөлісіп, екі жақты ұсыныстар жасалды.
Ректор Қылышбай Алдабергенұлы Өкіл имамға бүгінде өңірлік дін саласында атқарылып жатқан бірқатар жұмыстардан хабардар екенін айтты. –– Университетімізде «Тарих және Дінтану» мамандығын ашу жоспарымызда бар. Сол мамандықтың болашақ білім алушыларына сіз секілді ғылыми тәжірибелі мамандар дәріс берсе, біз үшін үлкен мәртебе – дей келе, өзінің ұсыныс білдіріп, алдағы уақытта орталық мешітте ашылатын облыстық кітапханаға Карен Армстронгтың «История бога. ТЫСЯЧЕЛЕТНИЕ ИСКАНИЯ В ИУДАИЗМЕ, ХРИСТИАНСТВЕ И. ИСЛАМЕ» атты кітабының қазақша аудармасын университет атынан сйыға тарту ететінін жеткізді.
– Бүгінде бас мүфтиіміз дін қызметкерлерінің сапалы білім алуына, жоғары деңгейлі білікті маман болуына баса назар аударуда. Осы орайда, сіздің жоспарыңыз жүзеге асырылса, жергілікті имамдардың білімін жетулдіруде айтарлықтай үлес қосатынына сенімім кәміл, – деген өкіл имам ұсынысын қолдайтынын жеткізіп, ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамаларымен таныстырды.
Сұхбат соңында, екі жақ та бүгінгі жастар – ертеңгі ұрпақтың тәрбиелеушісі екенін ескере отырып, «Ислам және Отбасы» жылы аясында бірлесе жұмыс жасауға келісті.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<