Кореядан жұмыс тауып беремін деп елді алдаған әйел ұсталды

84

0

Алматы полициясы Оңтүстік Кореядан жұмыс тауып беремін деп ондаған адамды алдап, ақшасын қолды еткен әйел ұсталды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, 29 жастағы Дина Құрманова адамдарға өзін іскер әйел ретінде таныстыр,ан. Сосын, Оңтүстік Кореядан жақсы жұмыс тауып беремін деп алдаған. Ол үшін әйел қомақты ақы талап еткен. Қазір аталған дерекке сәйкес Медеу аудандық ІІБ сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. «Әйел жұмыс беру туралы жарнаманы «Оlx.kz порталына жариялаған. Оған адамдар хабарласа бастаған. Дина сол адамдармен кездесіп, өзін іскер әйел ретінде таныстырып, алдын ала ақшаларын алып кетіп отырған. Әйел оларды күніне 80 доллар қаржы табасыз деп алдаған. Оған сенгендердің көпшілігі жұмысынан шығып кеткен. Кейін көрсеткен ғажап фотолары мен видеоларының барлығы интернеттен жүктеліп алынғаны белгілі болды. Ең ақырында ол телефонын өшіріп, зым-зия жоқ болып кеткен. Бір жағдайда Құрманова бір клиентінен толығымен орналасу үшін 1 млн 400 мың теңге алған», – деді Медеу аудандық Ішкі істер басқармасының басшысы Болат Тотыбаев.
 Осыған байланысты полиция Дина Құрманованың іс-әрекетінен зардап шеккен адамдар болса, 254-48-02; 8-702-619-99-97, 102 нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз