Кісі өлтіруге оқталғаны үшін 8 жылға сотталды

197

0

 Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сотталушы азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, 01.12.2018 жылы кафеде ішімдік ішу барысында сотталушы пен жәбірленуші арасында түсініспеушілік туындаған. Жәбірленуші сотталушының іс әрекетін төзбей, үйіне қайтатынын айтып, столдан тұрып есікке қарай беттейді.

Жәбірленуші сыртқа шыққан уақытта сотталушы ашумен өзінде болған пышақпен  соңғының аяғымен қолының сол жақ тұстарынан және сол жақ кеуде тұсынан ұрған.

Сотталушы өзіне тағылған айыпты ішінара мойындады. Сотталушы Қазақстан Республикасының ҚК-нің 24-бабының 3- бөлігі арқылы 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтеуге белгілеуге сотты болды.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<