Кәсіпкердің жоғалуы жөнінде: қылмыстық іс қатаң бақылауда

216

0

15 ақпан күні қызылордалық азаматшаның күйеуі Баженов Тынымбайдың белгісіз бағытқа шығып, осы уақытқа дейін үйіне оралмағаны туралы арызы Қызылорда ҚПБ-да тіркелді.
Арыз тіркелгеннен бастап полиция органдары іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы топ құрды. Топ түрлі версияны қарастырып, шұғыл іздестіру шараларын жүргізуде.
Сонымен бірге, оған 17 ақпаннан бері төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің күштері қосылды. Сырдария өзенінде іздестіру жұмыстары да әлі жалғасуда. 24 ақпан күні облыстық прокуратура мен полиция департаментінің басшылары осы мәселеге байланысты арнайы жиналыс өткізді.
Баженовтың белгісіз бағытқа жоғалып кетуіне байланысты 24 ақпанда кісі өлімі жөніндегі сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі облыстық прокуратураның нұсқауына сәйкес ҚР ҚК 99-бабымен (кісі өлтіру) сараланды. Қазіргі таңда тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.
Қалған мәліметтер Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талабына сәйкес тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді. Қылмыстық іс облыстық прокуратура, ішкі істер басқармасы басшыларының қатаң бақылауында.

Қызылорда облысының прокуратурасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<