Латын әліпбиіне көшудің маңызы

255

0

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының мәжіліс залында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қызметкерлері, Астана, Алматы қалалары және облыстардағы жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлары, филолог-ғалымдардың қатысуымен «Қазақ әліпбиі: тарих тағылымы, уақыт талабы» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филиология ғылымдарының кандидаты Аман Абасилов жүргізді.

Шара барысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің Тілдерді дамыту және қолдану басқармасының басшысы Амангелді Қожабек қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің маңыздылығы, осы бағытта республикада, облысымызда жүргізіліп жатқан жұмыстарға қатысты баяндама жасады. Басқосу соңында тыңдаушылар тарапынан латын әліпбиіне қатысты ғалымдарға сұрақтар қойып, оларға мардымды жауап берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<