Леброн Джеймс Коби Брайанттың 19 жыл бұрынғы данкын қайталады

252

0

«Лос-Анджелес Лейкерс» форварды Леброн Джеймс «Хьюстонға» қарсы матчынан (111:121) видео жариялады. Онда баскетболшы 19 жыл бұрынғы Коби Брайанттың данкын қайталаған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қош келдің, бауырым. Аңыз адамдар ешқашан өлмейді», – деп жазған Джеймс Instagram-да.

Еске салайық, Коби Брайант 26 қаңтарда 13 жастағы қызымен бірге әуе апатынан қаза тапты.

Ұлттық баскетбол қауымдастығының бес дүркін чемпионымен қоштасу рәсімі 24 ақпанда өтеді. Бұл күн символдық мәнге ие: Брайант карьерасында 24-ші нөмірде өнер көрсеткен, ал оның қызы Джанна 2-ші нөміріде жасөспірімдер командалары үшін ойнаған.

Брайант карьерасын 2016 жылы аяқтаған, ол ҰБҚ-да 20 маусым бойы «Лос-Анджелес Лейкерс» үшін ойнаған, бес рет чемпион атанған, 18 рет Жұлдыздар матчына қатысқан, тұрақты чемпионаттың және екі рет плей-офф финалдық сериясының ең құнды ойыншысы атанған. АҚШ құрамасында баскетболшы 2008 және 2012 жылдары Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<