Үлкен Джордж Буш қайтыс болды

209

0

АҚШ-тың 41-нші президенті үлкен Джордж Буш 94 жасында қайтыс болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 
 Ол 1989-1993 жылдары президент, 1981-1989 жылдары Рональд Рейганның кезінде вице-президент болған. Оның артында бес баласы, 17 немересі мен сегіз шөбересі қалды. Жұбайы 2018 жылы сәуірде 93 жасында қайтыс болған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<