Локальды профилактикалық шолу өткізді

250

0

Қызылорда облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының ұйымдастыруымен облыс көлемінде желтоқсан айының 12-14 күндері аралығында өткізіліп жатқан «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қызылорда қаласының орталығы яғни, тұрғындар көп шоғырланатын және халыққа қызмет көрсететін дүкендермен,  ойын-сауық орындары көптеп орналасқан Әйтеке би – Өсербаев, Желтоқсан-Қорқыт ата – Тоқмағамбетов, Қорқыт ата – Байсейтова – Тоқмағамбетов көшелері аралығындағы әкімшілік аймаққа «Квадрат» әдісі  бойынша локальды профилактикалық шолу өткізілді.  

 Іс-шараның негізгі мақсаты  – аталған әкімшілік аймақтағы көп қабатты тұрғын үйлердегі тәулікке жалға беретін пәтерлерді тексеру, ішімдік және есірткі құмарлардың жиналатын притондарын анықтау, көрсетілген аймақтарда тұратын қолайсыз отбасы және профилактикалық есепте тұратын тұлғаларды мекен-жайларынан тексеру, қайыршылық жасап жүрген азаматтарды анықтау, заңда белгіленген уақыттан кейін тұрғындарға алкогольді өнімдерін сатуға тыйым салынатыны туралы дүкен иелеріне хабарлама парақтарын тарату, ойын мекемесін заңсыз ашу не ұстау немесе ойын бизнесі саласындағы қызметті заңсыз ұйымдастыратын тұрғындарға қылмыстық жауапкершіліктері туралы хабарлама парақтарын тарату және ата-анасының қарауынсыз бей-берекет жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау, сонымен қатар, ішімдік ішіп қоғамдық орындарда масаң күйде жүретін азаматтарға әкімшілік шаралар қолдану  болып  табылады.  

 Шараға Жергілікті полиция қызметі басқармасының аппарат қызметкерлері және қалалық Полиция Басқармасының учаскелік және ювеналды полиция қызметкерлері жұмылдырылды.

Іс-шара барысында полиция бөліністерінің есебінде тұрған 20 тұлға мекен-жайларынан тексеріліп, оларға қылмыс пен құқық бұзушылықтарға жол бермеу бағытында тиісті профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, көрсетілген әкімшілік учаскеде тұратын тіркелген аңшы қаруы бар 18 тұрғынның қарулары тексеріліп, нәтижесінде қаруды сақтау ережесін бұзғаны үшін 2 тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабымен әкімшілік шаралар қолданылды.

Жалға берілетін 42 пәтер араланып, тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркеусіз тұрған 1 азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабымен әкімшілік хаттама рәсімделді.

Қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін 4 азамат  уытсыздандыру орталығына жатқызылды.                

Белгіленбеген орындарда темекі шеккені үшін 2 құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабымен және қоғамдық орында ұсақ құқық бұзушылық жасағаны үшін 3 азаматқа Кодекстің 434-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Аймақты аралау барысында көшеде суық қару (пышақ) ұстап жүрген 2 азамат ұсталып,  қарулары тәркіленді.

Сонымен бірге, аталған аймақтағы маскүнемдікке шалдыққан және тұрғын-жай (притон) тексеріліп, үй иелерінің тізімі алынды. Түнгі уақытта ата-анасының қадағалауынсыз жүргені үшін 2 кәмелетке толмағандар ұсталып, ата-анасына қолхат арқылы беріліп, қаңғыбастыққа салынып жүрген Түркістан облысынан келген 1 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды.

Әкімшілік аймақтағы 8 дүкенге алкогольдік өнімдерді сатуға тыйым салынатыны туралы хабарлама таратылып, компьютерлік клубтар орналасқан нысан иелеріне ойын мекемесін заңсыз ұйымдастырған жағдайда қылмыстық жауапкершіліктері туралы хабарлама жіберілді.алдағы уақытта аталған іс-шаралар өзге аймақтарда жалғасын табатын болады.

 

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<