Мадияр Серік Ресейде өткен халықаралық ән байқауында топ жарды

313

0

Қазалылық талантты жас әнші Мадияр Серік тағы бір халықаралық ән байқауының жеңімпазы атанды.
Бұл жолы Жанқожа батыр ауылындағы №94 мектептің оқушысы Мадияр Серік Ресей Федерациясының Туапсе қаласында өткен халықаралық ХХХV «Хрустальная магнолия» фестиваль-конкурсында бақ сынады. Қара теңіздің жағалауында балалар шығармашылығына арналған байрақты бәсекеде де өзінің ерекше даусымен ән орындаған Мадияр Серік Гран При жүлдесін жеңіп алды.
Айта кетейік, Мадияр Серік бұған дейін Болгарияда өткен «Star of the world» атты халықаралық байқауында Гран-При мен үш алтын медаль иеленген болатын.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<