Марал Ишан мазары жөндеуден өтті

838

0

Өңіріміздің киелі жерлерін сақтау мәселесінде қайтажаңғырту жұмыстарының маңызы зор. Облыстық бюджеттен соңғы жылдары ауданымыздағы Қорқыт ата ескерткіш кешені, Қалқай ишан кесенесі реставрациядан өтті.
Марал ишан мазары – Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінен шығысқа қарай 18 шақырымда орналасқан. 2010 жылы ескерткіштердің төлқұжаттары рәсімделіп, мемлекеттің қорғауында екендігі жайлы қорғау тақтасы қойылды.
Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 25 мамырдағы №19 қаулысымен жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді.
2018 жылы аудандық бюджеттен өңірлік маңызы бар қасиетті орындар тізіміне енгізілген Марал ишан мазарына реставрациялау жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу заң талаптарына сәйкес мердігер «Ұлытау Ұлар МЖЖФ» ЖШС-мен келісім- шарт жасалып тиісті жұмыстар атқарылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<