#MassFilm: Ақпанда көру керек 5 фильм

265

0

Соңғы қысқы тұсаукесерлердің арасында мелодраммалар да, комедиялар да және шынайы оқиға желісінде түсірілген фильмдер де бар. Назарларыңызға ақпан айында көруге болатын 5 фильмді ұсынамыз.  
1. Ерекшелер / Особенные / Hors normes
Бұл «1+1» картинасымен танылған Оливье Накаша мен Эрик Толеданоның «ерекше» адамдар жайлы түсірген француздық трагикомедиясы. Айналамызда ондай адамдар көп. Олар метрода да, көшеде де, кафеде де бар. Адамдардың көпшілігі оларды көрмегендей түр салады, алайда оларға сіздің зейініңіз бен көмегіңіз керек. Картинада «ерекше» адамдар және өз өмірін соларға арнаған адам жайлы айтылады. Фильмде басты рөлдерді Венсан Кассель мен Реда Катеб ойнайды.
 2. Сұлу / Сенсация / Bombshell
Фильм ең беделді медиакорпорацияның ішкі әлемін көрсетеді. Ол әлемді үш әйелдің көзімен көреміз. Олар – жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбандары. Фильм шынайы оқиға желісінде түсірілген. Картина өзінің актерлік құрамымен тартымды: басты рөлдерді Шарлиз Терон, Николь Кидман және Марго Робби сомдайды.
3. Көзге көрінбейтін адам / Человек-невидимка / The Invisible Man
Фильм Герберт Уэллстің романы негізінде түсірілген. Бір қарағанда Сесилияның өмірі мінсіз көрінеді: үлкен үй, күйеуі – керемет ғалым-миллионер. Бірақ алып үйдің ішінде не болып жатқанын ешкім білмейді. Тіпті, түбегейлі ойластырылған қашудың өзі қақпан болып шығады. Көзге көрінбейтін аңдушыдан тығылу мүмкін емес.
4. Сиберг / Опасная роль Джин Сиберг / Siberg
60-жылдардың соңы. Француз жастарының сүйіктісі Джин Сиберг Лос-Анджелеске оралады. Жаңа рөлдерге ұсыныстар толып келуде, себебі ол – Голливудтың жаңа иконасы. Бірақ «Қара қабыландар» партиясының лидерімен болған роман Джинді арнайы қызметтің нысанасына айналдырады. Ол оның мансабын да, өмірін де құртуы мүмкін.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<