Мексикалық қыз \»Әлем аруы-2018\» атанды

218

0

Мексиканың атынан қатысқан Ванесса Понсе де Леон «Әлем аруы-2018» атанды. Бұл туралы байқаудың Instagram парақшасында хабарланды. Мексикалық ару 26 жаста. Оның халықаралық бизнес бойынша ғылыми дәрежесі бар және ол оңалту орталығы директорларының кеңесінің құрамында бар.
 Ванесса – ерікті, модель әрі жүргізуші. Қыз волейбол мен сурет салумен әуестенеді. «Әлем аруы-2018» жеңімпазы ақшалай сыйлыққа ие болады, алайда келісімшарт бойынша оны қайырымдылыққа береді. Қызда тәж қалады және оның бір жыл бойы Лондондағы пәтерінің ақысы төленеді, келесі байқауға дейін қайырымдылық шараларына қатысуға міндеттеледі. 
«Әлем аруы-2018» сұлулық байқауының финалы 8 желтоқсанда Хайнань қытай аралында өтті. Оған 118 елден қыздар қатысты. Олар финалда әлем халықтары билерін орындады, шығармашылық номерлерін және кешкі көйлектерін көрсетті. Қазақстанның атынан қатысқан Екатерина Дворецкая үздік отыздыққа кірмей қалды, сөйтіп жарыстан шығып қалды.

tengrinews.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<