Дәстүрлі әншілер,термешілер мен күйшілердің «Men qazaqpyn» телевизиялық мега жобасының аудандық, қалалық іріктеу кезеңі мәресіне жетті. Облыстық кезең 17 маусымда сағат 10:30-да А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өтеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында болған брифингте «Qyzylorda» телеарнасының директоры Жағыппар Қарабала мәлімдеді.
Онда жүзден жүйріктер өнер көрсетеді. Үш жанр бойынша үздік деп танылған бір-бір өнерпаз республикалық кезеңге жолдама алады. Халықаралық мега жобада бақтарын сынайды. Қатысушылардың өнерін ұлттық өнерге еңбегі сіңген кәсіби білікті мамандардан жасақталған қазылар алқасы таразылайды. Жеңімпаз атанған дәстүрлі әнші, термеші, күйші жеке-жеке марапатталады.
Асқан шеберлік танытқан үздік орындаушыға «Жылдың үздік дәстүрлі әншісі», «Жылдың үздік термешісі», «Жылдың үздік күйшісі» Бас жүлде және лауреат атағы беріледі. Көрермендердің дауыс беруі арқылы «Көрермен көзайымы 2018» аталымының иегері анықталып бағалы сыйлықпен марапатталады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<