Наталья Годунова жаңа қызметке тағайындалды

252

0

Фото: gov.kz

Наталья Годунова «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор болып тағайындалды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілген.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Жалғыз акционерінің 2024 жылғы 4 сәуірдегі шешімімен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болып Наталья Николаевна Годунова сайланды.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі 9 адамнан тұрады:

  1. Айдар Қайратұлы Рысқұлов – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Жалғыз акционер мүдделерінің өкілі;
  2. Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев- «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі,»ҚТЖ» ҰК » АҚ Басқарма Төрағасы;
  3. Елжас Мұратұлы Отыншиев – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционер мүдделерінің өкілі;
  4. Ернат Құдайбергенұлы Бердіғұлов – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционер мүдделерінің өкілі;
  5. Қуат Қайыргелденұлы  Ирубаев – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционер мүдделерінің өкілі;
  6. Ульф Вокурка – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
  7. Александр Андреас Ширхубер – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
  8. Джон (Йан) МакКей – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
  9. Годунова Наталья Николаевна – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

Айта кетейік, Наталья Годунова 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымынан босатылған болатын. Оның орнына бұл қызметке экс-премьер Әлихан Смайылов келді. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<