Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мамандары «ҚазСтИн» МКК Қызылорда филиалының мамандарымен бірлесе отырып Қызылорда облысының өнім өндіруші кәсіпорындары өкілдері және кәсіпкерлерінің қатысуымен «Өнімді каталогтау жүйесі» тақырыбында дөнгелек үстел өткізді.
Дөнгелек үстелдің негізгі мақсаты өнімнің каталогтау жүйесі, отандық өнімдерді каталогтау жүйесінде тіркеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу болды. Бұл жүйе отандық өнімдерді өндірушілер мен сипаттамасы туралы ақпаратпен техникалық реттеу субъектілерін қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
Өнімді каталогтау жүйесінің негізгі мақсатына мүдделі мемлекеттік органдарды, заңды және жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасында өндірілген өнімдер туралы, өнімдерді өндірушілері мен негізгі сипаттамасы туралы, қолданылатын нормативтік құжаттары туралы, шығарылған өнімді есепке алу және жаңа өнімнің қажеттілігін айқындау, өнімнің рационалды номенклатураларын белгілеу және оны жобалауға мемлекеттік шығынды қысқарту, тұтыну және техникалық қызмет көрсету, сонымен қатар Қазақстан Республикасында шығарылатын өнімнің каталогтарын жаңалау және қалыптастыру кіреді.
Өнімді каталогтау жүйесіне тіркеуге жатпайтындар:
1) өнімнің тәжірибелі үлгілері (тәжірибелі партиялар), өнімнің бекітілетін сериялары;
2) дара өнім өндіру, авторлық құқық объектілері, сувенирлер, өнімнің қосалқы бөліктері.
Өнім өндірушілер өнімді каталогтау жүйесіне тіркеуге жататын, шығарылған (шығарылатын) өнім туралы ақпаратты уәкілетті органға өнімнің каталогтық парақшасына қазақ және орыс тілдерінде және қағаз және электронды түрде береді. Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын өнім туралы ақпаратты өнімді каталогтау парақшасында ҚР СТ 1.11 формасына сәйкес ұсынады.
Дөнгелек үстел қатысушыларына «Өнімді каталогтау жүйесі» бойынша техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мамандарымен түсіндірме жүргізіліп, қатысушылардан түскен сұрақтарға жауап берілді.
С.Қасымов,
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<