Өрт сөндірілді

559

0

Кеше, яғни 19 сәуірде сағат 10-нан 58 минут өткенде Қызылорда қаласы, Яншина көшесі 10 үйде газды ауа қоспасының жылыстауынан соңы өртке ұласып, 182 шаршы метр аумағы қирап, өрт 60 шаршы метр болатын уақытша құрылыс алаңына көшті.

Құтқарушылар келгенге дейін Өзбекстан Республикасының 1984 жылы туған азаматы П. Ж. беті, қолы, мойны І-дәрежелі күйік диагнозымен қалалық ауруханаға жедел медициналық көмек бригадасы арқылы жеткізілді.


Оқиға орнында штаб құрылып, тиісті өрт сөндіруді ұйымдастыру жұмыстары атқарылды.

https://www.instagram.com/reel/CrPiUdiIBmHRqd_fvviUaPE3hjeXshlN0wRHa00/?igshid=YmMyMTA2M2Y=


Өрт сағат 12-ден 09 минут өткенде толық сөндірілді. Өрттің себебі -анықталуда. Оқиға орнына: Қызылорда облысы ТЖД (25 қызметкер және 5 техника бірлігі), Апаттар медицинасы орталығы (4 қызметкер, 1 техника бірлігі); «ҚазТрансГазАймақ» АҚ (3 қызметкер және 1 техника бірлігі), «Қызылорда электр тораптарын тарату» АҚ (3 қызметкер және 1 техника бірлігі); жергілікті полиция қызметі басқармасы (2 қызметкер 1 техника бірлігі) жұмылдырылды.

Құрметті өңір тұрғындары! Тұрмыста және қоғамда барынша өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтауды сұраймыз! Өз өміріңіз бен жақындарыңыздың өміріне немқұрайлы қарамауға шақырамыз! Қоғам мүлкін өрттен сақтауыңыз азаматтық борышыңыз екенін ұмытпаңыздар!

Қызылорда облысы ТЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<