Оқушылар арасында қол күрестен жарыс өтті

294

0

Фото: Полиция департаменті

Қызылорда облысының Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі, «Қызылорда еріктілері» қоғамдық қоры, «Жастардың спорттық туризм және туристік көпсайыс федарациясы» Жастар қоғамдық бірлестіктерін тарта отырып Қызылорда қаласының жоғары сынып оқушылары арасында қол күрестен жарыс ұйымдастырды.

Жалпықалалық жарысқа 40 мектептен 120 спортшы қатысып, үш салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

Жарыс қорытындысы бойынша келесі спортшылар жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді: №187 мектеп-лицейінің оқушысы А.Болат (55 кг), №176 орта мектептің оқушысы Д.Қайырбаев (60 кг) , №23 мектеп-лицейінің оқушысы Е.Жаппарбек (60 кг).

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдері жеңімпаз атанған 15 спортшы мен командаларды дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Сондай-ақ, байқауға белсенді қатысқаны үшін 30 алғыс хат табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<