Қосар өз үлесіміз бар

269

0

  Кезектен тыс Президент сайлауын өткізу – уақыт және қоғам талабы деп түсінемін. Ел мен халық мүддесіне жауап беретін аса маңызды шешім деп есептеймін. 

Бұл қадам еліміздің гүлдену жолында діттеген мақсатқа қол жеткізу үшін Қазақстанда тұратын барша халықтың күш-жігерін бір арнаға тоғыстыру десек те болады. Бізге ең бастысы – ел тыныштығы. Бұл үндеу еліміздің бағытын айқындай түсетін тарихи жағдай.

 Бұл сайлау біздің бұрынғыдан да қуатты болу мүмкіндігімізді арттырады. Әрине, ол үшін мемлекеттің, қоғам мен барша азаматтарды  жұмылдыра отырып, бірлік, келісім мен тұрақтылықты сақтай білу ауадай қажет. Шындап келгенде, бәріміздің елдегі демократиялық мәдениеттің орнығып, қалыптасуына қосар үлесіміз бар. Сондықтан да әрбір қазақстандық саналы түрде сайлауға қатысуы қажет.

Ермек ДОСТАНОВ,

№24 Ү.Түктібаев атындағы орта мектебінің 

педагог-ұйымдастырушысы,

Қазалы ауданы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<