Отбасы – тәрбие бастауы

480

0

Отбасы – адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қазақ үшін отбасынан киелі ештеңе жоқ. Ал, отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол.
Осы орайда, отбасы мерекесіне орай, Қожабақы ауылдық кітапханасында «Отбасы – тәрбие бастауы» атты таным сағаты өткізілді. Шараның мақсаты – жас жеткіншектердің отбасына деген сүйіспеншілігін аттыру, ата-аналарды қадірлеп, сыйлай білуге тәрбиелеу, ой-өрісін дамыту, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақты нығайту, татулыққа және бірлікке шақыру.
Шара аясында «Байлық», «Сүйіспеншілік», «Табыс» тақырыптарында көріністер қойылды. Мектеп оқушылары Нұршат Абай, Шолпан Әуез, Жаннұр Құрманбек, Ықпал Елтай, Зарина Айтбай, Әсел Елібай отбасы туралы өлеңдерді мәнерлеп оқыды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<