ОҚЫС ОҚИҒА ОРЫН АЛДЫ

274

0

 Бүгін сағат 12:13 шамасында Шиеліде жаңадан салынып жатқан «Гежуба Шиелі Цемент» зауытының ауласында жұмысшыларға арналған уақытша жатақхана өртке оранды. Тілсіз жау бір адамның өмірін жалмаған. Бұдан өзге зардап шеккендер жоқ. Оқыс оқиға туралы жауапты сала мамандары өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

–  42 адамға арналған 24 бөлмелі жатақхана «Чайна Триумф Интернэшнл Инжиниринг» ЖШС қарайды. Бүгін нысанда орын алған айтып келмейтін апат салдарынан 1976 жылы туған Қытай Халық Республикасының азаматы қайтыс болды. Оқиға орнына 13 адам, 4 арнайы техника жұмылдырылып, өрт сағат 13:00-де толықтай сөндірілді, – деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Руслан Қайрақбаев.

Жиын барысында облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жанабаев қазіргі таңда арнайы сараптама тағайындалып, өрт ошағаның не себептен орын алғаны анықталып жатқанын мәлімдеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<