Партия қатарына қабылданды

223

0

Бүгін «Нұр Отан» партиясы қатарына қабылдау салтанатты рәсімі өтті. Партия мүшелігіне 11 адам қабылданды.

 Облыс әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы Қырымбек Көшербаев жаңа «Нұр Отан» мүшелерін құттықтап, оларға партиялық билет табыстады.

«Нұротандықтар елдегі бейбітшілік пен келісімді сақтап, Тәуелсіздігіміздің тұрақты, мемлекетіміздің қуатты дамуына халықпен бірге қажымай-талмай жұмыс істеуде.Бұл әрбір партия мүшесінің жауапкершілігі деп білемін. Баршаңызды жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы, «Тұңғыш Президент күні» мерекесімен тағы да шын жүректен құттықтап, партиялық жұмыстарыңызға табыс тілеймін», – деді аймақ басшысы.

 Сондай-ақ, партия филиалының белсенділері облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<