Қасым-Жомарт Тоқаев қолөнершілер көрмесінде қамшы сатып алды

423

0

Фото: ашық дереккөз

Бүгін Жамбыл облысында «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығындағы көрмеге барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті қолөнер шеберінің бірі жасаған қамшыны сатып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрмені аралау барысында Мемлекет басшысына жамбылдық қолөнер шеберлері орталықта ұлттық өнердің барлық түрімен айналысатыны айтылды.

Жалпы 29 шебердің ағаш, тері және киізден жасаған бұйымдары, қыш ыдыстар, панно, ұлттық музыкалық аспаптар, ұлттық киім үлгілері, ат әбзелдері, зергерлік бұйымдар қойылған.

Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев қамшылар арасынан бірін қолға алып, бағасын сұрады. Солай 16 мың теңге тұратын қамшыны сатып алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<