Қазалы ауданында тағы 5 ауылға газ тартылады

407

0

Фото ашық дереккөзден

Қазалы ауданындагаздандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Тұрғын үйлердің 63,2 пайызы көгілдір отын игілігін көріп отыр.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев мәлімдеді.

Аудан әкімінің айтуынша, өткен жылы Қазалы қаласы мен Жалаңтөс батыр, Қ.Пірімов, Басықара ауылдары көгілдір отынға қосылды. Ендігі кезекте Абай ауылын газдандыруға жоба-сметасын дайындау үшін аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, тиісті құжаттары әзірленді.

– Бұдан бөлек, Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл, Ү.Түктібаев ауылдарына көгілдір отын жеткізілмек. 5 ауылға магистральдық газ құбырын жеткізу үшін жеке кәсіпкердің демеушілігімен жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамадан өткізілді, – деді Мұхтар Әуесұлы.

Сонымен қатар, Қазалы ауданының әкімі өлкеде өткен жылы 21,2 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілгенін айтты. Ауданнан Ресей, Беларусия, Дания, Германия, Тәжікстан, Қытай, Нидерланды елдеріне 3374,3 тонна күріш, 893,7 тонна балық, 711,1 тонна қамыс экспортқа шығарылды. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<